Биыл елімізде төрт автожолдың құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде төрт автожолдың құрылысы басталады

06.04.2021

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша оның жалпы ұзындығы 607 шақырым. Алғашқысы - Қызылорда-Жезқазған трассасы. Әбден тозығы жеткен жол Азия даму банкінен алынатын қарызға қайта жаңғыртудан өтпек. Сондай-ақ Түркістан шығыс айналма жолы. 30 шақырымға созылатын тас жол үш айдан кейін төселе бастауы тиіс. Тағы бір жоба Шымкент оңтүстік-батыс айналма жолы және Сарыағаш айналма жолы. Жалпы 2025 жылға дейін 12 мың шақырым жол жаңғыртудан өтпек. Әрі жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін 400 заманауи орталық ашылмақ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Индустрия министрлігі әкімдіктермен және ҚазАвтоЖолмен бірлесіп, жоспарланған жобалардың пайдалануға дер кезінде берілуін қамтамасыз етуі қажет. Және биылдың соңына дейін бөлінген қаржыны игеруді толық қамтамасыз етсін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу