Сіз тұратын аумақта интернет сапасын нашар болса, онда телекоммуникациялар комитетіне өтініш жолдаңыз. Осыдан кейін, мамандар Қазақстанның кез келген елді мекенінде интернет сапасын өлшейді. Сапасы төмен болса операторға айыппұл салады. Осылай деген министр Бағдат Мусин ауызша шағымдардың негізінде шара қолдануға заңнама рұқсат етпейді-деді. Министр, бірқатар ауылға барып, интернет сапасын өлшеп, шара қолданған.
Екінші екпе алған азаматқа «электронды паспорт» беріледі. Бұл құжатты eGov mobile қосымшасынан жүктейді. Онда құжат иесінің қандай препарат алды және қай күні қолданғаны жазылады. Құжатты талап еткен жерде көрсете аласыз. Немесе QR кодты қолдана отырып қажетіңізге жаратуға болады.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:Коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетін азаматтар eGov mobile арқылы кезекке тұра алады. Мұндай жүйе әуелі пилоттық жоба негізінде іске қосылады.
Биыл елімізде 750 базалық интернет стансасы салынады. Бұл 286 елді мекендегі интернеттің сапасын 4G стандартына дейін жоғарылатуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, тұрғын саны 250 адамнан аспайтын 292 ауылға интернет жеткізіледі. Министр Түркістан облысындағы екі ауылда Ксел компаниясы таратқан интернеттің сапасыз екенін анықтаған. Сапасыз қызмет көрсеткен компанияға айыппұл салды. Екі ай ішінде жағдай өзгермесе, министрлік бұдан да қатал шара қолданбақ.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:Біз 17 өңірде сапасыз қызмет көрсеткен кез келген операторға айыппұл сала аламыз. Бірақ мұндай шараларды өткізу үшін бізге негіз керек. Facebook, Instagram арқылы келген өтініштерді негіз ете алмаймыз. Бұндай өтініштердің Министрлікке немесе тікелей Телекоммуникациялар комитетіне рәсімделуі өте маңызды.
3 млн отандасымыздың аты-жөні, телефон нөмірлері және email қолды болды. Оның ойынша, жеке деректерді мүмкін болса интернетке жүктемеу керек. Өз кезегінде, интернет алаяқтар бір банктің өкілі ретінде хабарласып, басқа да құжаттарды сұрауы мүмкін екенін ескертті. Бағдат Мусин, ғарышта жүрген Казсат 2-3 жер серіктерінің қызметі заман талабына сай емес деді. Олардың орнына, заманауи қондырғыларды сатып алу жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Ал, жерді қашықтан зондтау қызметі оң нәтиже беруде. Осы суреттердің арқасында пайдаланбай жатқан млн-даған гектар жер анықталып, мемлекет меншігіне қайтқан.
Ғабит Бөкенбай