Дәрігер халықты вакцина салдыруға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер халықты вакцина салдыруға шақырды

05.04.2021

Жамбыл облысындағы көпбейінді инфекциялық ауруханада 300-ден астам науқас ем қабылдауда. Олардың 30-ы - реанимацияда жатыр. Осындай ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген ерлі-зайыпты Қыпшақбаевтар отбасы бүгін кеселден құлан таза айығып шықты. 

Дәметкүл Раисова, Тараз қаласының тұрғыны:
Дер кезінде дәрігерлерге қаралыңыздар. Мені емдеген медбикелерге, дәрігерлерге өте ризамын. Көпшілік жерге жиналмай, өз денсауылығымызды күтейік. 

Сағыныш Нұрғабылова, Көпбейінді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Тұмаудан жыл сайын алатынбыз сол вакцинаны, ауырмай аман-есен шығатынбыз. Сондықтан вакцинаны салдыру керек. 

вакцина

Хабарламаларға жазылу