«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарлама бойынша 80 мыңнан астам жоспар құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарлама бойынша 80 мыңнан астам жоспар құрылды

02.04.2021

 «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының 217 бағыты бойынша 80 мыңнан астам жоспар құрып отыр. Бүгін Бауыржан Байбек Facebook-тағы парақшасында халыққа берген уәделерінің қалай орындалатынын айтып берді. Алдымен жол карталарын бақылайтын 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестердің міндетіне өңірлердің әлеуеті және экономиканың нақты салаларындағы өзекті мәселелерге сараптамалық тұжырым әзірлеу кіреді. Әр бағыт бойынша жауапты депутаттар белгіленді. Сондай-ақ аталған құрылым әлеуметтік проблемаларды ашық талқылау, азаматтық бастамаларға қолдау көрсетуге де мүдделі.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
 «Nur Otan» - ның депутаттары халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоғамда көтеріліп жатқан өткір мәселелерге дер кезінде жауап беріп, сайлауалды әделердің уақытылы әрі толық орындалуын жіті бақылауы тиіс.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу