Алматыда осы айда 250 екпе салу кабинеті ашылады. Осылай деген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бҰл үшін 21 мың доза екпе жеткізілгенін айтты. Қазір мегополисте екпе салатын 55 кабинет жҰмыс істеп жатыр. Сәуір мен маусым аралығында 750 мың доза екпе салу жоспарланған. Сондай-ақ, коронавирус түрлі мутацияға Ұшырап, «британиялық» және «оңтүстік африкалық» штамдары тіркелді. Әлі де басқа түрлері пайда болуы мүмкін. Әкім вирустан қорғанудың бірден-бір тиімді жолы - вакцинациялау екенін атап өтті. Сондықтан түрлі қауесеттерге сенбей, екпе салдыруға шақырды.
Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:Вакцинация тегін. Қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Қазір біздің қолымызда ресейлік «Спутник V» вакцинасы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізге қытайлық SinoVac вакцинасын алып келу күтілуде.
Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы қандай сауда орталықтарында екпе егу орындары ашылатыны айтылды. (Олар Алатау ауданында - «Бақорда» сауда-ойын-сауық орталығы, Әуезов ауданында: «Спутник», «Гранд Прак», «Мәскеу», «Aзия паркінде», Бостандық ауданында: «ADK» (АДК), «Meга орталықта», «Eсентай», «Форум», «Aтакент» сауда орталықтарында, Жетісу ауданында: «Maксима», «Мерей», «Адем», Медеу ауданында – «Достық Плаза», «ГУМ» және Түрксіб ауданында – «Март» ойын-сауық орталығында жұмыс істейді.
Қуан Нұрақын