Петропавлда 60 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен республикалық ерекше маңыздағы тарихи және медени ескеркіш ғимараты қайта қирап жатыр. «Көпес Янгуразовтың үйі» осыдан 5 жыл бұрын ғана жаңартылған болатын. XIX ғасырдың соңында салынған мекеме халық арасында «Қалыңдық үйі» аталып кеткен. Ғимараттың қазір қабырғасы жарылып, сылағы түсіп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Казреставрация» мекемесінің батысқазақстандық филиалы жүргізген.
Жанат Баймұсенов, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы бөлімінің меңгерушісі:Ескерткіштің жағдайы мәз емес. Жауаптылар дұрыс қарап жатқан жоқ. Төменгі қабатты су басып жатыр. Ылғалдың кесірінен қабырғаларында жарылған жер көп. Күтім жоқ. Нысанды жөндеумен айналысқан мекемеге хат жолдай алмаймыз. Себебі республикалық деңгейдегі ескерткішке Мәденит және спорт министрлігі жауапты. Облыстық әкімдік нысанды мемлекет қарамағына қайтару туралы ұсыныс жолдады.
Эльмира Мәмбетқызы