Байден экономикаға 2,3 трлн доллар инвестиция салу жобасын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден экономикаға 2,3 трлн доллар инвестиция салу жобасын жариялады

01.04.2021

АҚШ президенті Джо Байден әлемнің бірінші экономикасы – Американы қайта жандандыруға 2,3 триллион доллар инвестиция салу жобасын жариялады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл жоспардың өзге бір мақсаты – көтеріліп келе жатқан Қытайға қарсы тұру.

Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, қыруар қаражат инфрақұрылымды жетілдіруге, климаттың жылынуымен күреске және әлеуметтік қызмет түрлерін дамытуға жұмсалады. Дәлірек айтсақ, миллиардтаған доллар жолдар салуға, пойыз вагондары мен автобустарды жаңартуға, электромобильдерді қуаттандыратын станциялар салуға және осы арқылы миллиондаған жұмыс орнын ашуға бөлінейін деп отыр.

Президенттің сөзінше, Құрама Штаттар инфрақұрылым деңгейі жағынан әлемде 13 орынға түсіп қалған. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу