Самара-Шымкент тас жолы бойында тағы автобус аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самара-Шымкент тас жолы бойында тағы автобус аударылды

23.11.2018

Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында болған оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша, «Сарыағаш-Нижний Новгород» бағытындағы автобуста 36 жолаушы болған. Оның 34-і - өзбекстандық азамат. Екі жүргізуші -қазақстандық. Жол-көлік апатынан зардап шеккен 9 адам аудандық ауруханаға жеткізілді, соның екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында. Арал ауданы әкімдігі өзге жолаушыларды қонақүйге орналастырды. 

Асылбек Шәменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

- Көктайғақтың салдарынан жолдан шығып кетіп, аударылған. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы жолаушылар тасымалдау компаниясынан арнайы автобусты осы бағытта жіберіп, осы азаматтарды еліне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу