ЕАЭО елдеріне кіргізілген көліктердің мерзімі ұзартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО елдеріне кіргізілген көліктердің мерзімі ұзартылуы мүмкін

30.03.2021

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне уақытша әкелінген көліктерге рұқсат беру уақыты ұзартылуы мүмкін. Мерзімді қайта ұзарту мәселесі Еуразиялық экономикалық комиссияның жақында өтетін отырысында талқыланады. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, автокөліктерді экономикалық одақ елдерінде уақытша қалдыру мерзімі 30 қыркүйекке дейін жалғасуы мүмкін. Айта кетейік, қазіргі рұқсаттың мерзімі 31 наурызда аяқталады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу