Еуропада карантин күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада карантин күшейтіліп жатыр

15.10.2020

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетіп карантин күшейтіліп жатыр. Францияның тоғыз қаласында түнгі уақытқа коменданттық сағат жарияланды. Ал Чех Республикасында мектептер мен барлар жабылып жатыр. Мұнда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы 9,5 мыңнан астам адамнан табылған. Бұл – Еуропадағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. 

Айта кетсек, өткен аптаның өзінде Қарт құрлықта 700 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылды. Мұндай науқастар, әсіресе, Испанияда, Италияда, Ұлыбританияда, Германияда көбейіп келеді. 

Арыстан Рысбек

еуропа коронавирус карантин

Хабарламаларға жазылу