Атырау облысында карантинде той-томалақ азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында карантинде той-томалақ азаймай тұр

30.03.2021

Алты күннен бері қызыл аймақта тұрған Атырау облысында жасырын той-томалақ өткізетіндер көбейген.  Соңғы бір аптада карантин режимін өрескел бұзған 34 кәсіпкерлік нысан анықталды. Заңсыздық әсіресе мейрамханаларда белең алып тұр. Қазір 110 мобильді топ тәртіпті қадағалауда. Қаңтардан бастап шектеуді пысқырмағандарға 17 млн-нан астам айыппұл салынды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу