Семейде құны 100 млн теңгеге бағаланған есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде құны 100 млн теңгеге бағаланған есірткі тәркіленді

30.03.2021

Семейде құқық қорғаушылар 1,5 центнерден астам марихуана мен 10 келі гашиш есірткісін тәркіледі. Оны 44 жастағы қала тұрғыны сатпақ болған жерінен қолға түскен. Есірткінің қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асады-дейді полицейлер. Ірі көлемдегі апиынды күдікті көлік тұрағына жасырып келген. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айгерім Нурғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:
Бүгінгі күнде сот санкциясымен 44 жастағы күдікті қамауға алынды. қР қылмыстық кодексінің 297-ші бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу