Павлодар облысының тас жолында 10 автокөлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының тас жолында 10 автокөлік соқтығысты

29.03.2021

Павлодардың іргесіндегі Ребровка ауылы маңында 10 автокөлік соқтығысты. Зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді. Арасында 5 жастағы бала бар. Апат ақтүтек боранның салдарынан болған. Оның үстіне көктайғақ тағы бар. Жеті жеңіл және үш ауыр көлік соқтығысқан. Алдымен Лада көлігі тайып, оппы қарға кіріп кеткен. Ізінше басқалары соғылған. Ауа райы күрт бұзылған соң, Павлодар облысы аумағындағы барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу