Ұлттық Статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бір жылда орташа есеппен 2 процентке арзандады. Биыл ақпанда АИ-92 жанар-жағармайы литрінің орташа құны 151 теңгеге теңескен. Бензин әсіресе Нұр-Сұлтанда 3 пайызға дейін арзандаған. Атырау, Орал, Түркістанда жанармай құны 146 теңге. Ал Қарағанды, Петропавл мен Қостанайда баға өзгерген жоқ. Ресми статистикадан бұрын әзірге бағасы өзгерген АИ-92 бензинін тек кейбір жанармай бекеттерінен ғана кездестіруге болады. Global Petrol Prices-тің мәліметінше, Қазақстан бензині ең арзан елдердің тізімінде 8-ші орында тұр.
Ақерке Бектас