Дәрігерлер халықты вакцина салдыруға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер халықты вакцина салдыруға шақырды

29.03.2021

Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы - жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Осылай деген алматылық дәрігерлер екпеге қатысты кеңестерін берді.

Арай Батырбаева, Республикалық аллергологиялық орталығының бөлім меңгерушісі:
Кейбір адамдар вакцинаны теріс шығарды деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Өмірге қатерлі, кері әсерлері тіркелмеді. Жалпы вакцинаның пайдасы ол біріншіден организмде иммунитет қалыптастыру және ауруды болдырмау. Әр адам өзі жауапкершілікпен қатысқан дұрыс болады.

Нұрхан Нұрланұлы

вакцина

Хабарламаларға жазылу