Индонезияда мұнай өңдеу зауыты өртеніп, 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда мұнай өңдеу зауыты өртеніп, 5 адам жараланды

29.03.2021

Индонезияның Батыс Ява аралында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, 5 адам жараланды. Сонымен қатар, жақын маңдағы үйлерден 950-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. 

Өрт түн ортасында басталып, жарылыстарға ұласып, зауыт қасындағы ғимараттар зақымданды. «Пертамина» компаниясы оқиғаның себебі белгісіз десе де, өрт «жаңубыр құйып, найзағай жарқылдағанда» басталғанын хабарлады. 

Қазіргі жергілікті үкімет күніне шамамен 125 мың баррель шикізат өңдейтін кәсіпорындағы отты сөндіруге күш салып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу