Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1105 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 236200-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 213743. Қайтыс болғандар - 2952.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 124 адам ем қабылдап жатыр. 307 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 6 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50152 адамға пневмония диагнозы қойылды. 46864 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 669.