Көлсай көлдері. Қазір қасында қонақүй салынып жатыр екен. Алматыдан баратын жол да жөнделді. Туризм саласына байланысты мың сан проблема, оның ішінде инфрақұрылымдардың жоқтығына орай шаршағаннан сарказмға айналған әңгімені көп еститіндіктен, бұл енді «жақсы болған екен» деп көңлің бірленіп қалатын жаңалық. Жалпы, сұлу табиғат – қорғау, сақтау міндеттерінен бөлек, барып тамсану, ләззат алу, ми мен сананы «қоқыстардан» тазарту үшін де керек. Жаңа айтқан инфрақұрылымдарға байланысты проблемаларға, сосын қалтадағы тиын-тебеннің аздығына қарамай... Көлсай көлдерінен Ғабит Бөкенбайдың репортажы.