АҚШ-та қонақ үй құлап, 18 адам жараланып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қонақ үй құлап, 18 адам жараланып, 1 адам қаза тапты

14.10.2019

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында салынып жатқан қонақүй құлап, 1 адам қаза тапты. 18-і жараланып, ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар қала басшылығы 3 адамның әлі табылмағанын мәлімдеді. Болжам бойынша, олар үйінді астында қалуы мүмкін.

Төтенше жағдай кезінде Hard Rock Hotel мейманханасында 45 адам жұмыс істеп жатқан. Оның 8 қабаты опырылып, енді бүкіл ғимаратқа құлап қалу қаупі төніп тұр. Сондықтан полиция жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу