Алматыда экологиялық журналистика курсы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда экологиялық журналистика курсы аяқталды

19.03.2021

Алматыда экологиялық журналистика курсы аяқталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы салада маманданған тілшілерге оқыту бағдарламасын өткізген. 5 күн бойы қатысушылар экологиялық мәселелерді көтерудің қыр-сырын меңгерді. Ал білікті мамандар қоршаған ортаны қорғау проблемаларына қатысты ақпарат таратудың тәсілдері туралы дәріс берді. Оқу курсын аяқтаған республикалық және өңірлік ақпарат құралдарының қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу