Американың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА келешекте адамды Айға апаруы тиіс ракетаның моторларын сынақтан толық өткізді. Бұл зымыранды «Боинг» концерні жасаған. Ол америкалық астронавттарды Айға 2024 жылы жеткізеді деп жоспарланып отыр. Айта кетсек, Құрама Штаттар мұндай миссияны соңғы рет 1972 жылы жүзеге асырғаны белгілі.
Айта кетсек, сегіз минутқа созылған тәжірибеде ракетаның төрт қозғалтқышы сыналды.
Арыстан Рысбек