Былтыр 7 әйел күйеуінің қорлығынан көз жұмса, 50-ден астамы дене жарақатын алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр 7 әйел күйеуінің қорлығынан көз жұмса, 50-ден астамы дене жарақатын алған

16.03.2021

Отбасылық-тұрмыстық қылмыс тыйылмай тұр. Былтыр 7 әйел күйеуінің қорлығынан көз жұмса, 50-ден астамы түрлі дене жарақатын алған. Зорлық-зомбылыққа көп жағдайда жұмыссыз отырған ер адамдар барады. Әсіресе, ішімдікке масайрағандар. Бұл туралы бас қаланың полиция департаментінің басшысы мәлімдеді. Өткен жылы тұрмыстық құқық бұзушылықпен 1 700-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу жұмысын жалғасып жатыр,-деді Ержан Сәденов.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу