Ұшақ апатынан қаза тапқан Ғабит Барлықбаевты туыстары соңғы сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан қаза тапқан Ғабит Барлықбаевты туыстары соңғы сапарға шығарып салды

16.03.2021

Бүгін Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқан Ғабит Барлықбаевты туған-туыстары мен қызметтестері соңғы сапарға шығарып салды. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Авиация қызметінің штурманы, майор Ғабит Барлықбаевтың артында ата-анасы, жары және үш перзенті қалды. азамат отан қорғау саласында 20 жылға жуық қызмет етті. Марқұмның денесі Алматы облысының Бақтыбай би ауылында жер қойнына тапсырылды. Марқұмның әйелі үш перзентінің әкелерін қалай жақсы көргенін елжірей еске алды.

Гүлзира Орманбекова,   Ғ. Барлықбаевтың жары:
Папасының дауысын біледі. Үйде отырып біз білеміз, АН-26, АН-74 келе жатыр. Папамыз міне келді. Аэропортқа қонғанын естіп тұрамыз. Бір-екі сағатта автобуспен келеді өзі. Сол күні самолеттің дауысын естімей қалдым.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу