Пара алды деген күдікпен бірқатар шенеунік ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара алды деген күдікпен бірқатар шенеунік ұсталды

16.10.2018

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол көрші елде Қазақстанның елшілігі ғимаратын салу туралы жалған құжаттарға қол қойып келген. Келтірген шығыны шамамен 140 миллион теңге шамасында. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Бұдан бөлек, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы әлдекімді жұмысқа орналастырмақшы болып, 300 мың теңге көлемінде пара алған. Дәл осы Алматы облысында Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мердігер компания өкілінен 5,5 миллион теңге пара алған. Ал, пара беруші облыстық мәслихаттың депутаты мен оның баласы болып шықты.  

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Пара бергені үшін депутаттың ұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Егде жаста болуына және денсаулығына байланысты облыстық мәслихат депутаты қамауға алынбады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу