Елімізде қымбатшылықпен күрес күшейеді. Ол үшін әлеуметтік тауарларды экспорттауға шектеу қойылғалы жатыр. Пандемия басталған кезде жұрт көп тұтынатын азық-түлікті сыртқа тасымалдауға тыйым салынған еді. Сауда және интеграция министрлігі осы әдіспен баға өсімін тоқтатпақ.
Сондай-ақ, мемлекет есебінен жұмыртқа өндірушілерге арзан жем, ал наубайларға төмен бағамен ұн берілмек. Өз кезегінде олар тауар бағасын арзандатуы тиіс. Әкімдіктер әлеуметтік тауарларға шекті баға белгілеуді жалғастырады. Олардың бағасы бір жылда 12 пайыздай өскенін айта кетейік. Әсіресе, күнбағыс майы, жұмыртқа, қарақұмық пен қант шарықтап тұр.
Досжан Маратұлы