Түркия шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертті

15.03.2021

Түркия шетелдіктердің елге кіру тәртібіне өзгеріс енгізді. Бүгіннен бастап Денсаулық сақтау министрлігі Түркияға келетін әрбір шетел азаматының кемінде 72 сағат бұрын арнайы электронды анкета толтыруын талап етеді. Толтырылған құжатты қағазға немесе электронды нұсқада сақтап алып, шекарадан кірерде көрсету қажет. Жаңа талапқа сай Денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы анкетаны толтырған азаматтың ұялы телефонына арнайы код жіберіледі.

Министрліктің мәліметінше бұл код елге келген азамат коронавирус жұқтырған жағдайда кімдермен жолыққанын, қай қалаларда болғанын жылдам анықтау үшін қажет. Мұндай код Түркия азаматтарының барлығына былтыр жазда берілді. Арнайы коды жоқ адам мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарға кіре алмайды.


Хабарламаларға жазылу