Алматыда эпидахуал нашарлап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда эпидахуал нашарлап барады

15.03.2021

Алматыда эпидахуал нашарлап барады. Соңғы тәуліктерде қалада 360-тан астам адамнан коронавирус табылған. Мегаполистің жұқпалы аурулар ауруханаларында 1300-ге жуық науқас емделіп жатыр. Оның 57-сі - бала. Дәрігерлер 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 131 науқастікін ауыр деп бағалауда. 7 пациент өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Эпидемиологиялық зерттеулер инфекцияның нақтылы және ықтимал ошақтарын анықтады. Коронавирус көбінесе отбасы мүшелерінен, жұмыс орнынан және шетелге барушылардан шығып жатыр. Мектептерде 1-5 сыныптар үшін оқудың басталуына байланысты балалар арасында инфекция 22,4%-ға өскен. Сондықтан қала әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды. Айта кетейік, 10 наурызда Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада бас санитардың қаулысына сәйкес карантин шаралары күшейді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу