Маңғыстауда газдың бағасы шарықтап барады. Жаңаөзен қаласындағы бекеттерде 1 литрі 90 теңгеден сатылып жатыр. Оған қоса, ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер көліктеріне газ құю үшін сағаттап күтуге мәжбүр. Ал, Ақтаудағы бекеттердің басым бөлігі жабық. Жұмыс істеп тұрғандарында баға әртүрлі, 65-70 теңгеден сатылуда. Облыс орталығында да қалың кезек.
Аягөз Оралбайқызы