Елордада коронавирус жұқтыру дерегі көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

12.03.2021

Қазір бас қалада COVID-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланып отыр. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі 9,9%-ға артқан. Сол себептен, Нұр-Сұлтан «қызыл аймаққа» енді. Вирустың таралуына – карантин шараларының сақталмауы себеп. Сондықтан, алдағы Наурыз мерекесін жаппай тойлауға рұқсат жоқ. Ал елордадағы 22 мектеп карантинде. Оқу жылы басталғалы 1200-ден аса оқушы коронавирус жұқтырған. Оқушылар аралас форматта білім алып жатыр.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу