Түркістан облысының екі тұрғыны Өзбекстан азаматын шекарадан заңсыз өткізіп жатқан жерінен ұсталды. Күдіктілер түнде Сырдария өзенінен үрмелі қайық арқылы өтіп, айналма жолмен шетелдікті діттеген жеріне жеткізуге тырысқан. Бұл қызметі үшін 20 мың теңге алыпты. Алайда оларды шекарашылар қолға түсірді. Қылмыстық іс қозғалды.
Айнұр Ақбаева