Латын графикасына көшу арқылы қазақ тілінің жаңа көкжиегіне жол ашылмақ. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері осылай дейді. Олардың сөзінше жазуды жаңғырту – тілді жаңғырту. Еліміз әліпби ауыстыру мәселесін тәуелсіздік алған жылдардан-ақ ойластыра бастады. Бірақ біз өзге ағайындар сияқты бұл іске дереу кірісіп кеткен жоқ. Ой елегінен өткізіп, тыңғылықты зертеп, зерделедік. Бәрін таразыға салдық. Ең бастысы, маңызы орасан зор бұл келелі іс жүйелі, кешенді, кезең-кезеңімен және жоспарлы түрде жүзеге асуда.
Ермұхамет Маралбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері:Латын графикасына көшуден не ұтамыз дегенде, біріншіден тілдік реформа, яғни қазақ тілінің өзіне тән ішкі ерекшеліктері мен заңдылықтарын, дыбыстық жүйені толық сақтаған әліпбиді немесе жазуды қалыптастыру үшін латын графикасына көшпей, біз біз одан арыла алмаймыз.
Айсауле Аманбаева, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі:Оқуға да, жазуда да жеңіл болатын нұсқасы беріліп отыр. Ары қарай енді емлесі жасалып, жүзеге асады деген ойдамыз. Ғалымдардың көп жұмыстарының арқасында әлірби нұсқасы реттелді.
Қуан Нұрақын