Қ.Тоқаев: Латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшеміз

03.06.2020
Қ.Тоқаев: Латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшеміз

Президент «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында әліпби ауыстыру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Біз латын әліпбиіне Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, қолдан жеделдетпей, біртіндеп ауысамыз. Мәселе әліпбиді жай ғана кирилл қарпінен латынға көшіру емес, қазақ тілінің емлесін қайта құруда болып отыр. Сонымен қатар қазақ әдебиеті классиктерінің елеулі еңбектері кириллицада жазылғанын, қазақтардың көпшілігі кирилл әліпбиі негізінде білім алғанын және әлі де оқып жатқанын естен шығармаған жөн. Сондықтан осынау маңызды іске зиянын тигізбеу үшін асығыстық жасамау керек. Ойланып, мұқият әрекет ету қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу