133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан кетті - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан кетті - министр

10.03.2021
133 мың заңсыз мигрант Қазақстаннан кетті - министр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістің жалпы отырысында заңсыз көші-қонмен күрес жұмыстары туралы айтты.

«Қаңтар-ақпан айларында 133 мың мигрант Қазақстаннан өз елдеріне қайтарылды. Ал өз еркімен кетуге бас тартқандар және Ішкі істер органдарынан жасырынып жүргендерге тоқталсақ, 674 адамды сот тәртібімен депортацияладық. Бұл тұрғыда оларға қатысты б5 жыл мерзімде Қазақстан аумағына келуге шектеу қарастырылған. 3,5 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар еліміз арқылы заңсыз транзит арнасы ұйымдастырылғаны үшін 27 қылмыстық іс қозғалды», - деді министр.

Айта кетейік, Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Хабарламаларға жазылу