Атырауда 2 мың мұғалімге екпе салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 2 мың мұғалімге екпе салынады

09.03.2021

Атырауда мұғалімдерге екпе салу басталды. Бүгін вакцинаны білім беру саласының 5 қызметкері салдыртты. Өткен аптада өңірге  «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілген еді. Ал, айдың ортасына қарай тағы 3 600 доза келеді деп күтілуде. Өңірде 11 мыңға жуық мұғалім бар. 

Айнагүл Дүйсекенова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:  
Ұстаздар қауымына ерікті түрде қанша адам өтініш білдірсе, сол адамдарды вакцинациямен қамтамассыз ету жоспарда. Денсаулық басқармасы жіті қадағалауында ұстап отыр. Өйткені, ұстаздардың денсаулығы біз үшін маңызды.

Сыр өңірінде коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші кезеңі басталғалы 320 адам ерікті түрде екпе салдырды. Жоспарға сәйкес, педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлері вакциналаудан өтуде. Облыс бойынша 100-ден аса ұстаз екпе алып үлгерді. Наурыз айынан бастап жеті ауданда егу кабинеттері ашылып, ауыл аймақтан 50 адам вакцина салдырды. Әзірге, ағзасына теріс әсер беріп, денсаулығына шағымданушылар тіркелген жоқ дейді мамандар.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу