Алматыдағы «Рахат» базары саудагерлерінің наразылығынан кейін жиһаз фабрикасы мән-жайды түсіндірді. Компания өкілінің сөзінше, жер телімі толықтай заңды негізде жалға алынған. Ал базардың бұрынғы басшылығы жерді босатудан қашып, заңсыз әрекеттер жасап отыр. «Сатушылардың наразылыққа шығуы – сот шешінің күшін жою үшін жасалған арандатушылық», - дейді компания өкілі. Жиһаз фабрикасына жер телімі комиссия шешімімен 5 жылға жалға берілген. Компания инвестициялық жобасы аясында жұмыссыз қалған адамдарды оқытып, еңбекке тартуды жоспарлап отыр.
Қанат Әлібекұлы, жиһаз фабрикасының өкілі:
Қазіргі «Рахат» базарының жағдайын өздеріңіз білесіздер, санитарлық шаралар сақталмаған, өрт қауіпсіздік нормалары да, бұның бәрі үлкен өрескел қателіктер жіберіліп отыр. Біздің компанияның мақсаты осы жерде заман талабына сай барлық нормаларды сақтайтын халықтың сауда жасауына жылы орын болатындай үлкен сауда орталығын құру еді.