Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукцион арқылы сату тәртібі (КЕСТЕ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукцион арқылы сату тәртібі (КЕСТЕ)

02.05.2016
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукцион арқылы сату тәртібі (КЕСТЕ)
2016 жылдың 1-шілдесінен бастап мемлекет меншігіндегі ауылшаруашылық жерлерін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары төмендегі тәртіп бойынша аукцион арқылы сатып ала алады:

1. Біріншіден, жер бастапқы кадастрлық құнын жоғарлату арқылы сатылымға шығарылады;
2. Егер екі аукцион кезінде жер өтпесе, жердің кадастрлық құнын екі есеге дейін түсіру арқылы сатылады. Ең төменгі шекті баға жердің кадарстрлық құнының 50 пайызынан аспауы тиіс.

Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатып алу шарттары қандай?

Жерді пайдаланып отырған Қазақстан азаматы жалға алу мерзімі аяқталғанша учаскені жеңілдікпен, кадастрлық құнының 50 пайызын 10 жылға бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ, жердегі үлесін шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салымшы ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген азаматтардың да құқығын қорғайтын норма қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу