Өскеменде баланы еденге лақтырған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде баланы еденге лақтырған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

04.03.2021

Өскеменде «Арман» балабақшасының тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Оның бүлдіршінді жұлқып, еденге лақтырып жібергені бейнекамераға түсіп қалған. Видео бүгін әлеуметтік желіге тарады. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталып, арнайы сараптама тағайындалды. Осы келеңсіз жағдайды ести сала ата-аналар аталған балабақшадан баласын әкете бастаған. Олармен облыстық білім басқармасының жауапты мамандары кездесті. Ал мектепке дейінге мекемеге тәжірибелі психологтар жіберілген. Ал бүлдіршінге қатігездік танытқан тәрбиеші бұл балабақшада соңғы 3 жылдан бері жұмыс істеген. 

Сәуле Алагөзова, Өскемен қалалық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Баланың ата-анасының айтуы бойынша, бала балабақшаға барғысы келмеген. Сол себепті баланың анасы балабақша әкімшілігіне келіп арызданған және бейнекамераларды қарағанда осы фактілер анықталды. Әрине, ол тәрбиеші жұмыстан шығарылды және осы балабақша директоры да жұмыстан шығарылды.

Берік Көшербай

балабақша Өскемен

Хабарламаларға жазылу