Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша шешуге шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақша шешуге шектеу қойылды

03.03.2021

Бұдан былай жеке кәсіпкерлерге де банк шоттарынан қолма-қол ақша шешуге шектеу қойылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар 1 айда 20 млн, орта кәсіпкерлік үшін 120 млн, ісі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 млн шекті мөлшер бекітілді. Есепшоттан алатын қолма-қол ақша шекті сомадан асып кеткен жағдайда, кәсіпкер қаражатты алу мақсатын растайтын құжат пен кірістер органдарына ақпарат және құжат жіберуге келісім беруге тиіс. 

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу