Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді

23.07.2018

Атырауда көпқабатты үйдің төртінші қабаты отқа оранып, 10 адам құтқарылды. Оның жетеуі - бала. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер төртінші және бесінші қабаттағы тұрғындарды дереу сыртқа шығарды. Өйткені, төртінші қабаттан басталған өрт бесінші қабаттағы пәтерге де кауіп төндірген. Түтінге тұншыға жаздаған тұрғындардың барлығына тез арада дәрігерлік көмек көрсетілді. Тілсіз жаудың салдарынан үйдегі тұрмыстық заттардың барлығы  күлге айналған. Әзірге өрттің неден, қалай тұтанғаны белгісіз.

Абдулғаппар Жұманов, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығы:

- Қызметкерлердің бір бөлігі құтқарумен, қалған бөлігі өртті сөндірумен айналысты. Жедел түрде жұмыс атқарғандықтан, адам шығыны жоқ.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу