Астанада 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуамын деп суға батып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуамын деп суға батып кеткен

16.07.2018

Қайғылы жағдай сенбі күні Пригородный кенті маңындағы Нұра-Есіл арнасында болған. Жасөспірім қыздар небәрі 11-12 жаста еді. Құтқарушылардың айтуынша, бұл жер кілем жууға арналмаған. Ал, өткен аптада дәл осы жерде 4 бірдей бала суға батқан. Жалпы, шомылу маусымы басталғалы елордада 12 адам суға батып, ажал құшқан. Олардың жетеуі - бала. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарды қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады. 

Аягөз Фазылова, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бұл жерлердің барлығында суға шомылуға болмайды деген белгілер бар. Белгілерді сындырып, лақтырып тастаған. Біз бұл жерлерде рейд өткізіп жатырмыз. Адамдар селқостық танытып жатқандықтан, осындай оқиғалар орын алып жатыр.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу