1 наурыз – Алғыс айту күніне және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту.
Тікелей эфир барысында остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары, 10 және 12 жастағы Нұрислам мен Балнұр Жұматайға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, Түркия ауруханасында лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбекке көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ телемарафон барысында «Qazaqstan» арнасының «Қымбат жандар» және Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым» бағдарламасы арқылы жақынын іздеген 8 адам студияда табысады.
«Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафоны таңғы сағат 09.30-дан кешкі 21.30 аралығында 5 мәрте тікелей эфирге шығады. Ұлттық арна мен Қазақ радиосының әлеуметтік жобалары арқылы көмекке жүгінетіндер көп. «Qazaqstan» телеарнасы күні бойы 5 адамның еміне қаржы жинап беру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте айта кетерлігі, телеарна қаржы жинаумен айналыспайды. Көрермен жіберетін ақша тікелей эфирде көрсетілген кейіпкерлердің есепшотына түседі. Біздің мақсатымыз – қайырымды жандар мен денсаулығына байланысты қаржылай қолдауға мұқтаж жандар арасында көпір орнатып, қолұшын созу, демеу болу. Осы орайда қайырымдылықтан қол үзбей, «Мың алғыс» жобасына атсалысып келе жатқан көрермендеріміз бен тыңдармандарымызға, қалың жұртшылыққа алғыс білдіреміз», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Қайырымдылық телемарафоны 1 наурыз күні «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының әуе толқынында тікелей эфирде жүреді.
Назарларыңызға телемарафонда көмек көрсетілетін кейіпкерлердің реквизиттерін ұсынамыз. Қаржы кейіпкерлердің жақындарының атына ашылған есепшотқа түседі.
Нұрислам Жұматай
Балнұр Жұматай
Анасы Алмагүл Нарбутинаның атына ашылған есепшот:
KASPI GOLD: 4400 4301 0846 8536
KZ80 722C 0000 1698 2641
Бағдат Мұхтарұлы
Бағдат Мұхтарұлының атына ашылған есепшот:
KASPI GOLD: 5169 4971 5975 9327
KZ08 722C 0000 2867 5929
Ләйлә Бақтыбаева
Анасы Гүлдана Отарованың атына ашылған есепшот:
KASPI GOLD: 4400 4301 8562 5230
KZ37 722C 0000 2716 5893
Зарина Ниязбек
Анасы Күлайхан Жүздайбекованың атына ашылған есепшот:
KASPI GOLD: 5169 4971 8827 7317
KZ85 722C 0000 2725 0971