Алматы облысында алкогольді өнімдер шығаратын жасырын зауыт анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында алкогольді өнімдер шығаратын жасырын зауыт анықталды

26.02.2021

Алматы облысында алкогольді өнімдер шығаратын жасырын зауыт қызметінің жолы кесілді. Құзырлы органдардың бірлескен тексеруі нәтижесінде кәсіпорынның ішімдікті ірі көлемде өндіріп жатқаны анықталды. Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 170 мың шөлмек ішімдік табылды. Өндіріс орны 20 түрлі өнім шығарып келген. Табылған өнімдер серфикатталмаған әрі сапасы да күмәнді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу