Тараз жұртшылығы бүгін Жамбыл Жабаевтың шөбересімен кездесу кешін өткізді. Жиында жыршының шығармалары оқылып, көзі тірісінде қолданған бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды. Жалпы елімізде 40-қа жуық елді мекенге Жамбыл есімі берілген. Сондай-ақ, ондаған мектеп ақын атымен аталады. Жыр абызы, жауынгер жыршы атанған ақынның сөздері ұранға айналып, ұрпақ жадында сақталып келеді.
Мұратқан Жамбылов, Ж. Жабаевтың шөбересі:
Жамбыл атамыз айтқан ғой «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» деп сондықтан да жыр кештерін поэзиялық кештерін ұйымдастырып жатқандарына көп рахмет. Жамбыл атамыздың жасын берсін, әруағы қолдап жүрсін, ұрпақтарының барлығы осы Жамбыл атамыз сияқты қасиетті болсын.