Петропавлда жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді

25.02.2021

Петропавлдағы жарылыс болған жатақхананың тұрғындары келесі апта қоныстарына қайта орала алады. Жасалған сараптама нәтижесі бойынша ғимараттың апаттық еместігі, тұруға жарайтындығы анықталды. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған қоса бірінші қабаттың қабырғалары нығайтылады. Қала әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, апат кезінде жатақхананың 98 бөлмесінің бәрінде адамдар тұрып жатқан. Сондықтан олардың барлығына өтемақы төленеді.

Болат Жұмабеков, қала әкімі:
300 мыңның маңайында төлем болады. Ал кейбіріне бюджеттен жетпегендер немесе заңға сәйкес келмегендерге фонд бойынша жиналған қаражаттан көмек жасалады. Екі түрлі төлем қарастырылған, бірі бюджеттен, екіншісі қоғамдық.

Солтүстік Қазақстандағы газ жарылысынан кейін Шығыстағы төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі қоғамдық тамақтану орындарын тағы бір тексеріп шықты. Арнайы рейд барысында мамандар газ баллонын қолданатын кәсіпкерлерге қауіпсіздік ережелерін еске салды. Ережеге сәйкес, газ баллон жапсырлас салынған, құлыпталатын жеке ғимаратта немесе арнайы шкафта тұруы тиіс.

Сағындық Сәбитұлы


өтемақы Петропавл

Хабарламаларға жазылу