Грузия 1 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстеріне рұқсат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузия 1 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстеріне рұқсат береді

25.02.2021

Грузия наурыздың 1-нен бастап бірқатар ТМД елдері үшін әуе рейстеріне рұқсат береді. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Украина, Беларусь бар. Алайда аталған ел азаматтарының ПТР анықтамасы болуы қажет. Бұдан бөлек елде тағы бірқатар шектеулер жеңілдетіледі. Келесі айдан бастап мейрамхана, сауда үйлері мен базарлар жұмыс істей бастайды. Наурыздың 15-де жоғары оқу орындары ашылып, қоғамдық орындардың қызметіне рұқсат берілмек. Алайда кешкі 9-дан таңғы 5.00-ге дейінгі коменданттық сағат күшінде қалады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу