Шығыс Қазақстанда әлеуметтік желі арқылы психотроптық зат сатқандар ұсталды. Қарағанды облысының екі тұрғыны Өскеменде пәтер жалдап тұрған. 23 және 26 жастағы екі күдіктіні аймақтағы полицейлер Ұлттық Ұланның арнайы жасағымен бірлесіп ұстады. Тінту кезінде олардан психотроптық заттың бір мың дозасы, таразылар мен кішкентай полиэтилен пакеттер тәркіленді. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Берік Көшербай