Ақмола облысында өрттен 2 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында өрттен 2 адам көз жұмды

24.02.2021

Ақмола облысында өрттен 2 адам көз жұмды. Қаза болғандар 30 жастағы ер адам мен оның 6 жасар баласы. Қайғылы жағдай Зеренді ауданының Алексеевка ауылында болды. Түн ортасында отқа оранған жер үйде әкесі мен 2 баласы болған. Ал әйелі ауруханада жатқан. Қызыл жалыннан газ баллон жарылған. Ауылда өрт сөндіру бекеті жоқ. Сондықтан құтқарушылар Көкшетаудан барған.  

Думан Далешов, Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:
Куәгерлердің айтуынша, өртте қаза болған отағасы өрт кезінде 2 баламен үйде болған. Ол бір баланы өрттен алып шығып, екінші баланы құтқаруға келгенде, үйден өздігінен шыға алмаған. Қазіргі уақытта өрттің және адамдардың қаза болу себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және өрт орнында сот-медициналық сараптама және өрт техникалық зертханасы тағайындалды. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу