Кешегі ақпанның ақ түтек бораны Қостанай жұртын біраз әуре-сарсаңға салды. Электр желілері үзіліп бірнеше елді мекенде жарық сөнген. Олардың бірқатары тәулікке жуық уақыт өтсе де әлі жарықсыз отыр. Сондай –ақ боран кезінде қарға батып жолда қалған 17 көлік шығарылып, 117 адам құтқарылды. Ал Меңдіқара ауданының Молодежный ауылының тұрғыны кешегі ақ түтекте үйінен қораға шығып, қайта оралмаған. Із-түзсіз жоғалған азаматты қазір полция, құтқарушылар және волонтерлар іздестіріп жатыр.
Ризабек Қабылбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Ауа райның бұзылатыны жөнінде дер кезінде хабарланғанымен, көптеген тұрғындар ескертуді елемейді. Сөйтіп көз көрстепес боранда жолға шығып, түрлі келеңсіз жайларға ұшырап жатады. Біз азаматтарды өздерінің және жақындарының басын қатерге тікпеуге, жауапты болуыға шақырамыз.
Дәуренбек Әбдібек