Маңғыстау облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды

19.04.2018

Маңғыстау облысы Жетібай ауылында 5 жасар бала үйдің қасындағы транформаторға тоққа түсіп, қайтыс болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Бүркіт Жұматаев қарындасымен бірге далаға шыққан. Есігі ашық тұрған трансформаторға кіріп, сымды ұстаған. Ата-анасы баланы дереу Ақтау қаласына жеткізгенімен, 24 сағаттан кейін 5 жасар балғын жансақтау бөлімінде көз жұмды. Айдың-күннің аманында бауыр еті баласынан көз жазып қалған ата-анасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды кінәлап отыр. «Трансформатор 8 жылдан бері ашық-ашық тұр», - дейді олар. Енді ғана құлып салынған көрінеді. 

Маржан Меңдіқұлова, баланың анасы:

- Құлып болғанда, балам ашып кіре алмайтын еді. Бес жастағы бала ғой. Адамдар жауапқа тартылсын. Жазаларын алсын. Солардың салғырттығы. Жеңіл сыммен істеп кеткен. Оны бала ашып алады.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу