Нұр-Сұлтанда қысқы триатлоннан жарыс өтті. Бұл бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Мұнда кәсіпқойлармен қатар әуесқой спортшылар да шеберліктерін шыңдап көрді. Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 және шаңғы жарысынан 2,5 шақырымда бақтарын сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтағандар медальдарға ие болды. Ал жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді алдағы күндері елорданың триатлон федерациясы марапаттайды.
Дарын Сағитов